Айсәуле Бақытбек әкесі мен күйеу жігітінің ара-қатынасы туралы айтты


Сөзіне қарағанда, оған ең жиі жолданатын сауалдардың бірі – оның алда өтетін тойы мен әкесі туралы. Көпшілік әсіресе, абақтыда жатқан Бақытбек Есентаевтың болашақ күйеу баласымен қарым-қатынасы жайлы жиі сұрайтын көрінеді.

“Иә, әкем мен Әлішер таныс. Олардың қарым-қатынасы өте жақсы. Шамамен 4-5 жыл бұрын танысқан. Мен ата-анамнан ешқашан ештеңе жасырмаймын. Екеуінің танысқанына өте қуандым. Бірақ ол кезде мен той туралы мүлде ойланған емеспін. Тағы бір атап өтетін жайт, Алиш маған ұсыныс жасамас бұрын әкеме барып, одан рұқсат сұрады. Бұл туралы еш жерде айтқан емеспін”, – деп ағынан жарылды Айсәуле.