Айсауле Бақытбек дәрігер енесімен қолды қалай жуу керектігін көрсетті


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Аталмыш видеоны Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында жариялаған.

Диляра Қайдарова алдымен вирусты қорғанудың әдіс-тәсілдерін айтып, қолды қалай жуу керек екенін көрсетті. Оған қоса, ол еліміздегі COVID-19 инфекциясының таралуы қашан тоқтауы мүмкін екеніне қатысты өз болжамын келтірді.

Айсәуленің енесі вирусты жұқтыру оқиғалары сәуір айында да жалғасын табатынын айтты. Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ бастаған эстафетаға Қазақстаннан алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысқан болатын. Министрлік басшысы қолды қалай жуу керек екенін арнайы видео түсіріп көрсетті.