«Қадірменді достар, әкемнің тағдырын жеңілдету үшін сіздерден көмек сұрағым келіп отыр. Оның жазасын қайта қарау туралы петицияға қатысыңыздаршы», – деп өтінді Айсәуле.
Сөз соңында Айсәуле әкесіне қолдау білдіру арқылы анасына қарсы шықпайтынын айтты.
«Бұл жазбамды анама қарсы әрекет деп қабылдамауларыңызды сұраймын, ата-анамды бірдей жақсы көремін», – деп түйіндеді сөзін ол.
Айта кетейік, өткен аптадан бері қазақстандықтар Бақытбек Есентаевты босату туралы петицияға қол жинап жатыр. Оны түрмеден босату немесе жазасын жеңілдету үшін сотқа арналған петицияға кемі 10 мың адам қол қоюы керек. Әзірге 2206 адам Есентаевқа қолдау білдірген.