Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол күйеуімен және қызымен түскен суретін жария етіп:
"Рүстем Сафия Әлішерқызы", - деп жазба қалдырды. Нәрестенің жүзін жауып қойған блогер: "Ешқашан бұлай істеймін деп ойламаппын. Бала босанғанда түсінесіздер", - деп жазды.
Айсәуленің айтуынша, күйеуі Әлішер ел алдына шыққанды аса қаламайтын жан. Бұл ұстаным олардың ортақ қызына да қатысты.
Айта кетейік, Сафия есімі шоу-бизнес жұлдыздары арасында кеңінен танымал. Сәкен Майғазиев, Бүркіт пен Аиша, Маржан Арапбаева өз қыздарына дәл осы есімді берген.