Айсұлу Ерниязова жаңа қызметке тағайындалды


Енді  Айсұлу Ерниязова министрлікте студенттердің құқықтарын қорғаумен айналысады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми дереккөзіне сілтеме жасап.

Айсұлу Ерниязова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, журналистика магистрі. Сонымен қатар, Айсұлу Ерниязова «AMANAT» партиясының республикалық Саяси Кеңесінің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі.
«Шапағат» және «Халық алғысы» мемлекеттік наградаларының, «Алтын барыс» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері; «Үздік ерікті» номинациясының жеңімпазы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты.