"Айтқанымды істеген жоқ. Оған көп ақша салдым": Қыдырәлі мен Нұржан Қалжанның арасындағы келіспеушіліктер айтылды

Продюсер "айтқандарымның бірін де істеген жоқ, деп ренішін білдірді",, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі.

"Көреміз" бағдарламасына арнайы "Тордағы "Бұлбұл құс" әні үшін басы дауға қалған Нұржан Қалжан мен әннің авторының арасындағы келіспеушілікке нүкте қойылды. 

"Бұлбұл құс" әнінің кавер нұсқасын әншінің рұқсатынсыз орындағанына автор ренжіген. 

Ал, Нұржан Қалжанның айтуынша, Қыдырәлі Болмановпен арасындағы түсініспеушілікке ақша себеп болмаған. 

- Арада ақша емес, екеуара түсініспеушілік болды. Мен орындап жүрген әндердің авторлығы Қыдырәлі ағада қалды. Радида сұхбат беруге барғанымда, әнімді айтуымды сұрады. Бірақ, сіздерде бар ғой дегенімде, олар өздерінде жоқ екенін айтты. Жоғары жақтан қойылмайтындай етілген, деді әнші. 

Сұраққа телефон арқылы жауап берген Қыдырәлі Болманов ренішін былай деп жеткізді. 

- Кешке шақырмай қойып, алдынан көлденең тұрған емеспін. Ешқандай жерге хат жазып, запрет қоям деген емеспін. Өйткені, оның әндерінің барлық қаражатын мен төледім. Мен оған ешқандай ақшамды қайтар демедім. Оған едәуір ақша салынды. Әжептәуір сома. Дұрысын түсіндім, ары қарай жұмыс істеудің мәнісі жоқ, мағынасы жоқ екенін. Мен оның бүкіл шығындарын төледім. Фитнеске барып, денеңді жаттықтыр, сымбатты бол. Ағылшын тілін оқы. Ер адам болған соң, көзінде от болып тұруы керек сахнада, дейді продюсер. 


 
 

Loading...