Бұл туралы ол ресейлік блогермен тікелей эфирге кірген кезінде айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен өз басым Ресейді қолдаймын. Қазақтар орыс тілділерді құрметтемейді, неге екенін білмеймін", - деді ол.
Сондай-ақ ол Қырым "Ресейге тиесілі" әрі "Ресей үшін соғысуға шақырса барамын" деп пікір білдірген болатын.
13 сағаттан соң Қайнар кешірім сұрады. Ол тікелей эфирде әзірбайжандық екенін айтқан, алайда оның қазақ екені белгілі болды.
"Мен - Қайнар Қонысбаев. Ұлтым қазақ. Кеше мен дос баламмен бірге дүкенге кіріп, тікелей эфирге кірдім. Бізге Украинадан провакциялық сұрақтар түсті. Мен оны прикол деп аудардым. Айтқанымның бәрі серьезно емес. Мен Ресейге бармаймын, мен Қазақстанның азаматымын. Қазақтың баласымын, Қазақстанда өмірге келдім", - деді Қайнар Қонысбаев.
Loading...