Айырқалпақты ағайындар арқаның аязына үсіп қала жаздады


Оның үстіне, жолда бірде-бір көлік тоқтамаған. Қатты тоңғандарды тек жол сақшылары қызметтік көлікке кіргізіп жылытқан соң, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Құтқарушылар жылы жақтан келетіндерге жазғы жанармаймен арқаны асуға болмайтынын айтып шаршадық дейді. Себебі айналасы бір айдың көлемінде Қарағанды облысында жолда қалған 50-ге тарта көліктердің дені Қырғыстан, Өзбекстан мен елдің оңтүстік өңірлерінен келе жатқандар екен.