Айжан Байзақова "Маска" шоуына қатысып, талантымен елді таң қалдырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр елді шулатқан "Маска" шоуының екінші маусымы көрерменге жол тартты. Жобада алғашқы болып блогер Айжан Байзақова өнер көрсетті. Кәмпиттің маскасын киіп шыққан ол америкалық әнші Алиша Киздің (Alicia Keys) әйгілі Fallin' әнін орындады. Әділ-қазылар алқасы Айжанның талантын жоғары бағалап, оны елімізге белгілі әнші қыздармен шатастырды. Лидо, Жанар Дұғалова, Мархаба Сәби деп болжады төрешілер. Тек Ерке Есмахан Айжан Байзақованы даусынан таныды. 

Сәтті өнер көрсеткеніне қарамастан, Байзақова бірінші болып жобадан шығып кетті. 

Ал көрермендердің бір тобы арсыз әрекеттерімен танылған Айжанның республикалық телеарна эфиріне шыққанына шүйлікті. 

"Маска" шоу емес, масқара шоу. Әнші, актер, белгілі адамдар, ақындар жоқ па не сонда?", "Басқа адам құрып қалды ма?", "Байзақова да өнер адамы ма сонда? Қандай өнер оныкі? Халық әртісі болып тұрмасын бір күні. Шоудың да, телеарнаның да деңгейін түсіріп жібердіңіздер", "Баяғыда жастарға үлгі-өнеге болатын адамдарды көрсететін еді. Қазір ұяттан безгендерді шақыра беретін болған ба? Осыған ұқсаңдар деп... Сөз жоқ", - деп сынға алды оқырмандар. 


Әйтсе де, Байзақованың вокалдық қабілеті мен қазақша сөйлегенін жоғары бағалап, оңды бағасын бергендер де жоқ емес.