Айжан Байзақова «Меломен» тобының әншілерін қамшымен сабағандарға 300 мың теңге сыйақы бермекші

Есте болса бұған дейін аталған топ жігіттері рэпер Жан Ахмадиевке қамшымен бірге жылқы сыйлайтындарын, алайда сол қамшымен рэпер Айжан Байзақова мен Ninety One тобының әншілерін сабау керектігін айтқан болатын. «Меломендік» жігіттерге Айжанның жиі жалаңаштанып, балағат сөздер айтқаны ұнамаса керек. Ал, Ninety One тобының әншілері өздерінің сырт келбеті үшін талай рет сынға ұшырап келеді, деп жазды sn.kz.

 


Еске салайық, Жан Ахмадиев осыдан бірер ай бұрын Алматыда көше бойында тұрған жезөкшелерді қамшымен ұрып басы дауда қалған болатын. Іске полиция араласа бастағанда рэпер ешкімді ұрмағанын, мұның бәрі алдын ала жоспарланған қойылым екенін айтып ақталды. Ал, жезөкшенің ролінде оның әйелі болыпты.