Айжан Есмағамбетова: Мамыр айында коронавирус жұқтырғандар 4 мыңға жетуі мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта Қазақстан эпидемияның өршу кезеңінде тұр. Жұқтыру деңгейі 8 пайыз шамасында. Болжамымыз бойынша, сәуірдің аяғына дейін 2700 адам, мамырдың соңына дейін 4 000 адам вирус жұқтыруы мүмкін", - деді.

Сондай-ақ ол инфекция ошақтарынан коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 39 585 адамның анықталғанын айтты.


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бас дәрігер Біртанов індетке 3 500 адам  шалдығуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Қазіргі кезде елімізде 2070 адам коронавирус жұқтырған. Жазылғандар - 505. Қайтыс болғандар - 19.