Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққанын мәлімдеді. Ол оқиғаның қалай болғаны түсірілген видео жариялаған болатын. Бұл видео Желіде қызу талқыға түсіп, Марат Әйтеновті полиция ұстады.
Кейін Марат Әйтеновтің бірінші әйелі - Ләйлә Мирас бала-шағасы үшін жұртшылыққа мәлімдеме жасауды ұйғарғанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда экс-күйеуіне жала жабылып жатыр. 41 жастағы Лейла Мирас қазір Түркияда тұрады. Әйтеновтен үш баласы бар.
Ләйлә Мирастың мәлімдемесінің астына танымал продюсер Алуа Қонарова бұған қатысты өзінің пікірін қалдырды.
"Намыс болу керек қой. Еркек басқаға кетті, табалдырыққа жатып алып, айқай шығарудың не қажеті бар? Үндемей, жаңа үйге кетіп, жұмыс жасап, балаларыңның және өзіңнің эмоционалды саулығын сақтаған дұрыс емес пе? Бұл әрекеті арқылы өзін төмендетіп отыр", - деп жазды продюсер.