Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Айналайын өкімет!
Күн демей, түн демей, бүкіл қаланы басына көтеріп айқайлатып музыка қойып, көлігінің терезелерін ашып тастап, желдей құйғытатын понтықбай қазақтарға өкіртіп айыппұл салыңдаршы, өтініш!
Қазақтардан басқалар дәл солай түнгі 1-2-де мәшинесінің газын дарылдатып басып, тнрезелерін айқара ашып тастап, даңғырлатып музыка қосып, көшеде понт қуып қаңғып жүрмейтініне 99% гарантия беремін! ДТП жасап, талай адамның өліміне себепкер болатындар да сондай санасыз, жауапкершіліктен жұрдай надандар екені анық. Көлігіне глушитілдің орнына усилитіл қойып ала ма, не пәле? Қаланың ана басынан мына басына ышқынта дарылдатып бара жатады, дәл қасыңнан "даааар" етіп өткенде жау кеп қалды ма деп шошып оянасың, жүрегің тоқтап қала жаздайды, бұларға қашан бір тыйым болар екен?! Айыппұлды аямай салыңдаршы”, - деп жазды журналист.