Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Артында қанша адам тұр. Ол кісінің әйгілігі негізгінен ертеңгісін көп адамдардың арасынан дау туғызуы мүмкін. Былайша айтқанда, ондай "діни қақтығыс" дейді. Дінаралық қақтығысқа апаруы мүмкін. Пайғамбарымыз кезінде Мединаға көшіп келген кезде, дінге сенбейтіндер көп тұрған, пұтқа табынатындар бәрі тұрып. Пайғамбарымыз біреуді қуып, ондай ештеңе істемеген. Жалпы Ислам бұл туралы үкім бар. Бәрінің тыныштықта тұру хақысы бар, Исламда тұра алады. Бірақ кейде біздің тарапымыздан айтылып жатады. Атеизмше болсын, басқаға болсын. Біздің айтуымыз реакция ғана. Исламафобтық адамдарға реакция. Жалпы біреу атеист боламын десе немесе басқа нәрсе болса, дінде оның шаруасы жоқ. Иә, біз жетер ататын адамға ақиқатты жеткіземіз. Әрі қарай адам өзі шешеді, біз ешкімді қинамаймыз. Халыққа да басқа дін өкілдеріне, қарсылық болмаса негатив нәрсені тұтынудың қажеті жоқ. Бұл дұрыс емес. Сіз қазір мына сөзіңізбен, Баян Алагөзова қанша біздің ата-анамызды, Абай, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин, алаш зиялыларының бәрінің аузынан түскен Алла деген кісінің барлығын, бірден дұрыс еместердің қатарына апарып, барлығын дұрыс емес жолда жүргендігін айтқандай болып қалды. "Дәстүрімізді құртады" депті. Негізі, кейбір радикалдық топтардан болып жатқан шығар. Бірақ біз олармен де күресіп жатырмыз. Негізі Ханафи мазхабы матуриди ақидасын, әсіресе біздің ұстанып жатқан, артынан еріп жүрген қара шаңырағымыз Муфтият өзіміздің қазақтың дәстүрін сол ұстауға бағыт-бағдар беріп жатыр", - деп жауап берді діндар.
Естеріңізге сала кетейік, продюсер Баян Алагөзова Ислам дініне үгіт-насихат жасауға тыйым салуды ұсынған еді.
"Заңда дінге үгіт-насихат жасауға тыйым салу керек. Мен дінге қарсы емес, бұл әркімнің таңдауы. Сақалы бар еркектер, орамал тағып алып күнде бізге қалай оқу керек, қалай өмір сүру керектігіне үйретуде. Олар біздің барлық қазақ салт-дәстүрімізден айырмақ. Бұл қорқынышты, біз үнсіз қалмауымыз керек. Дінге үгіт-насихат жасауға тыйым салатын заң қабылдаңыздар. Ертең балаларымның шариат бойынша өмір сүргенін қаламаймын. Осыған жол бермес үшін мен барымды саламын", - деген еді продюсер.