Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz мдеиа порталы.
Тележүргізушінің айтуынша, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өз шегіне жеткен.
«Шегіне жеткен оқиғалар, шыдауға келмейтін, енді кешіруге келмейтін оқиғалар бәрімізге аян болды. Рухани болмысына тіл тигізіп, оны мансұқ етіп, оның абыройын қаралап, сөз жүгіртіп, жала жабу нақақтан-нақақ, оның бәрі адамға көрсетілген қысым. Көзге көрінетін нәрсе: көз көгерту, жұдырық алып жүгіргеннің бәрі денеңде көрінеді. Жан жарасын ешкім көрмейді, оны айтпай, тұншығып жүрген әйелдер қаншама», - деп мәлімдеді тележүргізуші.