Академик Арықтай Қайыповты ұрпақтары еске алып ас берді

Арықтай Қайыпұлы 1914 жылы дүниеге келген. 43-ші жылы жоғары оқу орынын бітіре салысымен Геология ғылымдары институтына қызметке барған. Академик Қаныш Сәтбаевпен үзеңгілес болған ғалым ұлттық ғылымды дамытуға күш салды. Бүгінде оның ұрпақтары түрлі салада қызмет етуде. Ал Қайыповтың өзі көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген Алтай өңіріндегі Зырян қаласында ғалымға арнап ескерткіш қойылып көшеге аты берілген.


Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті, академик:

– Арықтай ағамыздың ашқан жаңалықтары өте мол. Мысалы соғыс кезінде Сарыарқа өңіріндегі Жезқазған жақтан вольфрам рудасын тапты. Ол соғысқа өте қажет болды. Танкінің алдыңғы бронясы мықты болу үшін болатқа вольфрам, молибден сияқты металдар қосу керек. Міне, соның көзін тапқан кісі.