"Академик Александр Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, "ҚазАгроИнновация" АҚ, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми ұйымдары ауқымды ғылыми және қоғамдық шараларды өткізбекші", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, "мерейтойға арнап 2008 жылдың 1-2 тамызында Астанада және Ақмола облысының Шортанды ауданы Научный кентінде республикалық мемлекеттік органдары мен бұқара өкілдері, танымал отандық және шетелдік ғалымдардың, Қазақстанның астық өндірушілерінің қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді".
А. Бараев - көрнекті ғалым, Қазақстан мен ТМД елдерінде ауылшаруашылығы ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Ленин сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері.