Бұл жарыста ел құрамасы жалпы командалық есепте 3 күміс, 3 қола медальмен 5-орын алды. Атап айтқанда Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, Мария Василева мен Мария Поида жұптық жарыста және командалық жарыста ел қоржынына 3 күміс медаль салды. Жекелей сында Александра Опачанова 2 бірдей қола жүлдені иеленді. Ал ерлер арасында ел қоржына түскен жалғыз қоланы жұптық жарыста Григорий Феклистов пен Дмитрий Филимонов қосты.
Енді 13-18 қазан айында Самарқандта жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты болады. Жалпы Азиялық есу федерациясы 1982 жылы құрылған болатын. Ол қазіргі таңда 32 елдің ұлттық федерацияларының басын қосып отыр.