Акциздік өнімдерді есепке алудың жаңа түрі тиімді болып шықты - салық комитеті

"Кейінгі екі аптада жүргізілген тексерулер нәтижесінде ұрлық жолымен шығарылған контрафакт өнімдер көптеп әшкереленді",- деді М.Ысқақов.
Осы орайда ол 1-қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі есептік-бақылау маркалары жоқ акциздік өнімдерді сатуға тыйым салынғанын еске салды. "Жаңа технологияларды пайдалану нәтижесінде жаңа үлгідегі есептік-бақылау маркаларын қолдан жасауға келмейді және сарапшылар соның арқасында марканың жасанды немесе шынайы екенін бірден анықтай алады",- деді ол.
"Бұған дейін қолданылып келген акциздік маркалар көлеңкелі рыноктың аясын айтарлықтай тарылтуға мүмкіндік бермеді",- деді М.Ысқақов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті