“Әкем түрмеде отырды”: Айжан Байзақова әкесі туралы бар шындықты жайып салды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Байзақованың әр қадамынан хабардар болып отыратын Instagram оқырмандары оның отбасымен жақсы таныс. Анасы, інісі және ұлы барын біледі. Алайда сылқым осы уақытқа дейін әкесі жайлы тіс жарып айтқан емес. Оның себебін Айжан былай деп түсіндірді.

"Әкең қайда? Оны неге көрсетпейсің?" деп көпшілігіңіз сұрайсыздар. Әкем түрмеде отырып, осыдан 1,5 жыл бұрын бостандыққа шықты. Түрмеде отыру бөлек, шыққаннан кейін мына әлемге бейімделу тағы бар. Өз тарапымнан оған қолдау көрсетуге тырыстым, бірақ ол қиын болды. Бәрін ашып айта алмаймын, бірақ ақырында біз бірге тұра алмадық. Менің құпиям сол, 1,5 жыл бойы әкеммен араласқан жоқпын. Енді онымен қайта араласуым керек деп шештім, өйткені біз туған адамдармыз. Бірақ ол менімен сөйлесуге дайын ба, білмеймін", - дейді Байзақова.

Алайда ұлының бір ғана сауалы Айжанның жан жарасын "тырнаған". Блогер сол сәтте туғанынан бас тартып, дұрыс өмір сүре алмайтынын түсінген. Тіпті, ауруға душар болған Айжан ауруханадан бір-ақ шықты.


"Ал жуырда Алан мені бір сұрағымен есеңгіретіп қойды. "Сенің әкең қайда?" - деді. Сол кезде менің әлсіз тұсым осы екенін түсіндім. Әкеммен араласпай, бұл туралы ешкімге айтпайтын болсам, өзімді құтқарамын деп ойладым. Шын мәнінде өзімді 48 келіге дейін жеткіздім", - деп ағынан жарылды Байзақова.

Блогер мүлдем тамақ іше алмай қалғанын, едәуір салмақ тастағанын айтты. Ақырында ауруханаға түскен Айжан "панкреатит" дертіне шалдыққанын білді. Қазіргі уақытта Айжанның жағдайы жақсы. Блогер үйде ем-дом қабылдауды жалғастыруда.