«Әкемде жаман ауру пайда болды»: Ата-анасын еске әзілкеш жылап жіберді

2006 жылы Оралғазиннің анасы жол апатынан көз жұмған. Ол кезде әзілкеш небәрі 22 жаста болыпты, деп жазды sn.kz

«Өте ауыр нәрсе. Енді, жазғаны сол. Қасымда достарым бар. «Өмір өмір болмайды түңілуге, Қайта тұрып хақың бар жүгіруге» деп ол Мақатаевтың өлең жолдарын оқып, жылап жіберді.

Анасы өмірден өткеннен кейін 2 жылдан соң Оралғазин әкесінен айрылыпты.


«Одан кейін күйзеліс бар, ер адам деген қиын ғой. Жұбынсыз өмір сүру қиын. Менің ойымша, әкемде жаман ауру пайда болды. Сөйтіп екі жыл араға салып, ол кісі де кетті» ,– дейді ол.