“Әкемді иттің етінен жек көрем” - Жан Ахмадиев жан сырын ақтарды

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әнші, рэпер Жан Ахмадиев отандық теле арнадағы бағдарламалардың бірінде өзінің туған әкесін иттің етінен жек көретіндігін айтып, көрерменді шошытты.

"Мен асыранды балаларды жақсы түсінемін. Мысалы мені асырап алған. Бірақ мен қазіргі әкемді иттің етінен жек көрем. Жас кезімде мені беріп жіберген. 25 жылдан кейін жағдайымды жасап алғаннан кейін не керекгі бар өтірік балам дегеннің, мен оны жек көрем. Кезінде мені керек еткен жоқ, мен енді оны не үшін керек етуім керек? Мені асырап алған адам яғни әкем Амангелді, мен соның себебінен осындай дәрежедемін. Ал тастап кеткен адам менің болашағыма да, басқаға да қатысы жоқ. Безбүйрек адам ретінде қалады. Балалардың ешқандай кінәсі жоқ өмірге келгеніне, ата-аналарға айтарым балаларыңызды ешқашан тастамаңыздар, олар бауыр еттеріңіз, сізден кейін оны кім, қашан, қалай асырап алатындарын білмейсіздер.",-деп ішіндегі ашуын айтып қалды.

https://www.instagram.com/reel/CipKWIvsdEt/?igshid=NDRkN2NkYzU=