“Әкемді пышақтап өлтіріп кетті”: Танымал блогер Елдос Калабок әкесінің сұмдық қазасы туралы айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жайдарманда "Тараз 2000" командасында өнер көрсеткен, кейіннен асабалықпен айналысқан, ал дәл қазіргі сәтте инстаграмда танымал вайнер, блогер Елдос Қадірханов әкесін пышақтап кеткені туралы баяндап берді.

"Менің әкемнің жеке кәсібі бар еді. Етпен айналысатын еді. Жауыздардың қолынан қаза тапты. 500.000 теңге үшін әкемді пышақтап кеткен. Ол кезде 500.000 теңге қазір 5.000 000 0 теңгедей еді құны. Себебі ортасы дұрыс болмаған әкемнің. Сол үшінде анам маған ортаңды дұрыста, ортаң дұрыс болмаса сенде дұрыс болмайсың деп әлі күнге дейін тәрбиелеп келеді" - деді  ол Зарина Муслиммен болған
сұхбатында