"Әкемнің шешіміне көне алмадым": Абай Бегейдің тұңғышы әкесін кешіргенін айтты

Бұл туралы әншінің тұңғыш қызы instagram парақшасында жазды.

"Сағат 4:31. Мен де ұйқы жоқ. Ең бірінші мені жаратқан Аллаға сансыз шүкір дегім келеді. Одан кейін жарық дүниеге келуіме себепші болған ата-анама рахмет. Дәл қазір анамның жанымда болганын қатты қаласам да, Алланың ісіне көнбестен басқа шарам жоқ. Өзіме салса қазір барлығының басқаша болғанын қалар едім..Не болса да болған іс болды. Әкемнің шешіміне көне алмадым, ашуландым, қызғандым, бас тартам деп те ойладым. Бірақ Рамазан айында Алла разылығы үшін менен кеткен қателіктер болса шын жүрегіммен кешірім сұрағым келеді. Сіздің де ашумен айтқан ауыр сөздеріңіздің бәрін ұмытамын. Сіз де мені кешіріңіз. Сізден жырақта жүру, бауырларыммен сөйлеспеу маған да оңай болмады. Әрі қарай бұлай жалғасқанын қаламаймын. Кім не десе о десін. Екеумізді алшақтатып жүрген адамдарды ысырып барі бұрынғыша болғанын қалаймын және жаңа құрған отбасыңызбен бақытты болуыңызды тілеймин.
Үшінші, туылғанымнан көз тиіп көп ауырғандыктан қаладан ауылға алдырып 3 айлығымнан өз бауырына басқан, мәпелеп 4жасыма дейін түйенің сүтімен баптап, еркелетіп баққан күні бугінге дейін мені уайымдап отыратын нағашы әжеме алғысымды айтқым келеді. Ұзақ ғұмыр тілеймін.

Қасиетті айда барлық жамандықтың бәрі ұмытылып, нағашы жағым мен өз жағымның тату тәтті болғанын қалаймын. Алла тілегімді қабыл етсін", - деп жазды Абай Бегейдің тұңғыш қызы Ерке Абайқызы.