"Әке-шешем Шымкенттің қызын әкел деп күнде айтады": Нұрлан Еспанов тек Шымкенттен ғана келін іздеп жүр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Опмай, опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Үйдегілер Шымкенттің қызын ал деп жатыр. Өзіміз жақтың қызы дұрыс қой деп жатыр. Енді бұйырғаны бола жатыр. Күтіп жатырмыз. Мынандай қыз, мынандай қыз болу керек деген менде принцип жоқ. Қандай қыз болу керектігін инстаграм парақшама жазамын. Сол жерден қандай қыз болу керек екенін оқуға болады", - деп жауап берді Нұрлан Еспановтың ұлы.

Сондай-ақ, Олжас Еспанов қайырымдылық жасап, қатерлі дертпен ауыратын балаларға көмектесуді қолға алғанын да айтты.


Әйтседе көпшілік "Бөлінуге болмайды ғой", "Бақытты болса болды емес пе", "Немене Шымкентті жақтай береді", деген сияқты пікірлер қалдырды.