Әкесі 14 жасар туған ұлын көзі көгергенше, беті іскенше ұрған

Желіде тараған видео авторы 14 жастағы баладан бетіндегі жарақаттары туралы сұрайды. Кадрларда баланың беті ісінгені, көзінің асты көгергені көрсетілген.

ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Ғиясовтың сөзінше, он төрт жастағы баланы әкесі ұрып-соққан. Оқиға 7 қаңтарда болған. Ата-ана ұлын жағымсыз қылығы үшін жазалапты.

Балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Құқық қорғау органдары соталды тексерісті бастады және сот-медициналық сараптама тағайындады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әкесі туған екі ұлын аяусыздықпен өлтіргені хабарланды.