Әкесі африкалық, шешесі қазақ Амината өзінің қазіргі өмірі туралы айтты

Олар 10 жыл бұрын Алматыға оралды, деп жазады Comode.kz.

«10 жыл бұрын біз Алматыдағы алғашқы қара нәсілді балалар болдық. Бізге бәрі қарайтын. Ал қазір бәрі жолға қойылды. Меніңше, бүгінде адамдар мұндайға онша назар аудармайды» дейді Амината.

Амината өте сенімді әрі өзін еркін сезінеді. Енді оның түсіне қатысты ешқандай түйткіл жоқ сияқты. Аминатаның айтуынша, інісі екеуін Буркина-Фасода да жатырқайтындар көп болыпты.

«Ондағылар бізге «ақ адамның баласы» деп қарады. Осындағы «қара» деген сияқты ғой. Анам: «Сендер мулатсыңдар. Өздеріңді жайлы сезінетін жерді ешқашан таппайсыңдар. Сондықтан өз елдеріңді құрыңдар» дейді. Ал мен екі отаным бар деп айтамын. Олар – Қазақстан мен Буркина-Фасо» дейді Амината.