Араққа сылқия тойған жәрірленушінің әкесі оны балғамен басынан ұрған, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
Патрульді полицияның қызметкерлері зақым алған азаматтың 49 жастағы әкесін ұстады. Оның сөзіне қарағанда, туындаған жалжал барысында ұлы әкесін басынан балғамен ұрмақ болған. Алайда ашуға булыққан жігіттің әкесі аяқ астынан өзін ұрып, балғамен басын жарып жіберген. Зардап шегуші бас сүйек ми зақымы диагнозымен жан сақтау бөліміне ессіз күйде түскен.
Күдікті бұған дейін де істі болған. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР ҚК-нің 103 бабы (Ауыр дене жарақатын салу) бойынша қылмыстық іс қозғау және бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.