Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” заң жүзінде жазаламақ

Бұл жайт Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тисе керек-ті, ол саналы түрде жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық кодекс бойынша жазалауды сұрады.

“Қазақстан Республикасының Бас прокурорының назарына! Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мақсатты түрде жалған ақпарат таратып отырған төмендегі сайтты жəне əлеуметтік желідегі топты ҚР ҚК 274 статьясына сəйкес жауапқа тартуды сұраймын! “Жаға ұстатты” тобы, “Жұрт не демейді” тобы”, – деп жазды Қанат Айтбаев желідегі парақшасында.