Бұл кезде үйге кіріп, ұйқысын қандырып шыққан әке баланың бар екені есіне түсіп, көлікке қарай жүгіреді. Естен танған сәбиді көрген ол, қызын үйдегі мұздатқышқа салып, аман алып қалмақ болыпты. Бірақ, осының бәріне ағзасы төзбеген сәбидің жүрегі сол мұздатқышта жатқанда тоқтады. Тек осыдан соң ғана жедел жәрдем шақыртып, әйеліне қоңырау шалған ер адам қызын құтқару үшін оны қолдан дем алдыруға да тырысқан. Алайда оқиға орнына жеткен дәрігерлер сәбидің әлдеқашан қайтыс болғанын айтты.