«Әкесін әбден сағынған»: Түркиядан келген құтқарушысы әкесін құшақтап, еңіреп жылаған бүлдіршін көпті жылатты (ВИДЕО)

Оқырмандар аталған бейнежазбаны көріп, ондағы бүлдіршінмен бірге жылағандарын жасырмады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Жазбада Түркиядан келген құтқарушыны отбасы қарсы алып, кішкентай қызы тіпті еңіреп жылағанын анық көруге болады. Жазба авторы:

«Бүгінгі күннің ең күшті видеосы осы шығар. Түркияға барып келген Қазақстандық құтқарушының қызымен кездесуі халықты қуантты.
Еске ала кетейік, Түркияның жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды», - деп жазған.

Желі қолданушылары әкесін қатты сағынған бүлдіршіннің бұл қылығына риза болған. Олар:

«Жүрегіңнен кішкентай, сенімен бірге жыладық қой», «Алла тағала балаларды ата-анасынан айырмасын, қандай керемет көрініс», «Жаным, балапан, әкесін көріп мәз болғаны ғой, қайтсін енді?», «Әке мен қыздардың арасындағы махаббат ерекше болады» деп жазды.

Loading...