Әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты (видео)


Соңында жол апатына ұшырап, ауруханадан бір-ақ шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"ВАЗ-21214" автокөлігін кәмелет жасына толмаған бала айдап кетіп бара жатқанын полицейлер байқаған. Мән-жайды анықтамақ болғанда жас бала бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан басып озып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысыпты. Тәртіп сақшыларының ескертуіне құлақ аспаған жасөспірім көлікті қатты жылдамдықпен жүргізіп, темір қоршауға соғысқан. Көлік аударылып, ішіндегі жасөспірімді полицейлер қауіпсіз жерге алып шықты. Тізгіндегі жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.