Ахметбек Нұрсила мектеп оқушыларының төбелесі туралы: "Жастардың кумирлері Хабиб, Головкин болғаннан кейін төбелеспей не істейді"

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ешнәрсен өзінен өзі бола қоймайды. Күндіз-түні UFC ты, боксты, споршыларды насихаттаудың кесірі!!! Жастардың кумирлері Илон Маск, Бил Гейтс емес, Хабиб, Геннадий Головкин болғаннан кейін төбелеспей не істейді!!

Президентке дейін споршыларды қабылдап, насихаттайды, ал қаншама қазақ жастары физика, шахат, математика, өнертапқыш саласынан әлемді таң қалдырып жүр, оларға көңіл бөлінбейді..

Билікке білімді халық керек жоқ.. Ал халыққа не насихаттап, не жарнамаласа соны үлгі тұтады, әсіресе жа балалар..

Үлкен спорт -бюджеттің, яғни халықтың қазынасының соры денсаулықтың жауы! Қаншама миллиардтаған қаржы кетіп жатыр!! Бұқаралық спортты насихаттау керек және ғылым мен білімге салу керек ақшаны!


Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, үлкен спортқа бюджеттен 1 тиын ақша бөлгізбей, тек ғылым мен білімге жұмсар едім!

Спортпен әр адам өзі қал-қадерінше, тек денсаулығын нығайту үшін айналыссын. Ол үшін бассейндер, спорт алаңдарын көбейтсе жеткілікті емес пе", - деп жазды Ахметбек Нұрсила.