Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Біраз адамдар «Омар Жәлел қазаққа керек тұлға, жаңылмайты жақ болмайды, тисе бермеңіз» деп жазып жатыр..
Омарда менің алты аласым, бес бересім жоқ, маған қарап бір ауыз ауыр сөз айтқан емес.
Ондай болса НЕГЕ мен оған тисе беремін?
Ол даналардың сөздерін жаттап алған, солар арқылы көпті өзіне иландырып, Бас би деген атақ алып, әр сөзіне ұйытып отыр. Көп қазақ оның сөзін дұрыс деп санап соңынан ереді.
Қандай үлкен қателіктер жасады.. Бір рет сүрінсе жарайды, түсінуге болады, ал әр қадам сайын сүріне берсе ше?
1. Қазақтың қыздарын маркерге, «товарға» теңеді. Бұл түсінігі онда әлі ортағасырлық сана дегенді білдіреді, бізді Ауғанға қарай жетелейтін жол
2. Алаяқтарға қосылып лоторея ойнатып, онысын Абайдан сөздер келтіріп, ақтап, құтылмақшы болды. Бірақ артынан «нәпсім жеңіп кетті» деп мойындады
3. Жанат Қожамжаров деген алаяқ «бақсы» Сауууле деген қызға Кенесарының аруған қондырдым деп, тегін өзгертіп Сауууле Кенесары қызы деп атайды. Омар Жәлел сол тренингке қатысып, Жанаттың инстаграмында Саууле Кенесарықызын жарнамалайды!(((
Жанат 6000 мың шәкірт дайындап, олар келіп елдің ақылын ауыстырып, қалтасын қағумен айналысып жатыр және сандары күн сайын өсуде! Ал Бас би атағын алған Омар солардың сойылын соғып, насихаттап жүр!
Ал Омарды бас би сайлап алған жұрт оның артынан еруге дайын. Омардың сұхбат бермеген блогері қалмады, Тик ток толған Омардың уағызы. Қанша адамды улап жатыр(((
Бас би деген өте ауыр салмақ қой. Cол салмаққа Омар лайық па?
Оның қателігін қоғам кешіре беру керек пе? Жоқ әшкерейтін кез келді ме?