Ахметов үкіметіндегі көптеген министрлер өз лауазымдарында қалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарына сәйкес:

Ахметжан Смағұлұлы Есімов- Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрі;

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов- Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресуртар министрі;

Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дерновой Анатолий Григорьевич- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Ахметов Серік Нығметұлы- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі;

Зағипа Яхияқызы Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Темірхан Досмұхамбетов - ҚР туризм және спорт министрі;

Ыскаков Нұрлан Әбділдаұлы - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі;

Наталья Артемовна Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Гүлжан Қарағұсова - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті