Ахметжан Есімов Алматы облысының әкіміне алғыс хат жолдады


«Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Сізге Алматы қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге белсене қолдау көрсеткеніңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сізге және Сіз арқылы Алматы облысының шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерінің еңбектеріне табыс тілеймін. Осындай игі істерге Сіз  алдағы уақытта да өз үлесіңізді қосып, әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға, жемісті ынтымақтастыққа және Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуінің дамуына әрі қарай қолдау көрсете береді деп сенемін. Амандық Ғаббасұлы, Сізге мықты денсаулық, жемісті еңбек және жанұяңызға бақ-береке тілеймін», делінген Алматы қаласының әкімінің алғыс хатында.