Ахметжан Есімов ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалады - ақпарат көзі

Бүгін, 14-мамырда үкімет басшысы Даниал Ахметов республиканың жаңа ауылшаруашылығы министрі болып тағайындалған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетовты министрлік ұжымына таныстырды.

С.Үмбетов 1950-жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мал дәрігерлік институтты зоотехник мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1968-жылы кеңшар жұмысшысы ретінде бастап, бригадирден кеңшар директорына дейінгі бүкіл лауазымдық баспалдақтардан өтті. 1996- жылдың наурыз айынан 1997-жылдың желтоқсанына дейін Алматы облысының әкімі, 1997-жылдың желтоқсан айынан 1999-жылдың ақпанына дейін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 1999-жылдың ақпан айынан бері Жамбыл облысын басқарды.