Ахметжан Есімов жаңа метроның қауіпсіздігін тексеру үшін жер астына түсті

Қырағы күзеттің сүзгісінен соң жеті қабат жер астына бірінші болып қала басшысы түсті. Метро көлігі көп күттірген жоқ. Небәрі 2 минутта Ахметжан Есімов қараңғы тоннелге кіріп кетті.Бұл – әлі кісі аяғы баспаған «Сайран» және «Мәскеу» станциялары. Құрылысының 90 пайызы жақында бітіпті. Тек мәрмәр тастары төселіп, сырлау ғана қалған.

50 метр тереңдіктегі жаңа жер асты жолы іске қосылған күні тағы 20 мың жолаушы діттеген жеріне сағаттап емес, санаулы минуттарда жетуге мүмкіндік алады. Шапшаң қимылдаған вагондар орталықтан алыстау жатқан ықшамаудандарға, яғни Абай даңғылының бойымен Алтынсаринге дейін жеткізеді.Құрылыстың ең қиынықос бекеттің дешойын жолы дайын. Қабырғасы бекітіліп, тіпті жер сілкіне қалса, үй ішінен гөрі осы метро іші әлдеқайда қауіпсіз мекен бола алады дейді өзіне сенімді құрылысшылар.       

-Егер жер сілкінісі болған жағдайда, метрода болған қауіпіз. Үйден  гөрі.

Бұл – Алматы метро құрылысының екінші кезеңі.Күніне мыңдаған халық қатынайтын жер асты жолы 20 жыл бойы қазылып, үш жыл бұрын әрең дегенде бірінші бөлігі пайдалануға берілген. Ширек ғасыр бойы жер қазып үйренген жергілікті билік енді бұл қос бекеттің ашылуы көп күттірмейді деп уәде берді.    


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-Құрылысы осы айда бітеді. Сонымен, сынақ жұмыстарынан кейін келесі жылы метро қосылады. Бұл екі станция міне көріп отырмыз тура ең көп адам тұратын осы жерде. Осы жерге дейін жеткіземіз.

Бұл бекеттерден соң тағы 4 станция соғылмақ. Жаңа жер асты жолдары Абай даңғылынан қаланың ең шетіндегі «Қалқаман» ықшмамауданына дейін түседі деп жоспарланған. Сонда Алматының о басы мен бұ басына дейін халық көл көсір уақытын кетірмей, небәрі жарты сағатта-ақ жетіп баратын болады.