Ахметжан Есімов жезөкшелерді көшеден қуа алмай жүрген учаскелік инспекторларға шүйлікті


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

- Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздар әлі де емін-еркін тәнін саудалап жүр. Сондай қыздар көшеде тұрғанда, сол жердің учаскелік инспекторы қызметтік көлігінде алаңсыз ұйықтаған.  Бұдан бөлек,  Көк базарда заңсыз сауда орындары әлі жанданып тұр. Ол жерлерге кім жауапты? Неге жұмыс істемейсіңдер

Негізі қала әкімі бұл жиынға жұртты тұрғын үй шаруашылығы мәселесін талқылауға шақырған еді. Бұл тұрғыда ол пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын сынға алды. Шаһарда бұл  мәселенің қордаланып қалғаны мәлім. Әкімнің айтуынша, қазір тұрғындардан кооперативтерге қатысты арыз-шағым көп түседі екен. Тұрғын үйге жауапты мамандар аулалар мен кіреберістердің тазалығын дұрыс қадағаламайды. Басқа да атқарылмай жатқан шаруа шаш-етектен. Сондықтан Ахметжан Есімов жауапты орындарға қатаң ескерту жасады.