Петиция авторларының айтуынша, туроператорлар мен туристік қоғамдастықтарда алғаш рет ішкі және сыртқы туризмнің арқасында жақсы табыс табуға мүмкіндік туды. "Қысқа уақыт ішінде жұмыс орындарының саны өсіп, жақсы табыс таптық. Компаниялар жұмысқа 10 адамнан 200 адамға дейін қабылдап жатыр. Бүгінде EXPO-2017 көрмесін тек қысқа мерзімге созу мәселесі тұр.
Петиция авторларының айтуынша, бұл қызмет көрсету және туризм саласына дамуға көмегін тигізеді.
Өз кезегінде "Астана ЭКСПО-2017" "ҰҚ" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов көрменің уақытын созу мәселесінің қиын екенін айтты. "Біріншіден, Халықаралық көрмелер бюросы бізге регламент белгіледі. Екіншіден, көрме дегеніміз көрменің қатысушылары деген сөз. Қатысушылардың өз бюджеттері белгіленген. Сондықтан бұл оңай шешілетін мәселе емес", - деп түсіндірді Сергей Куянов