Ахметжан Есімовтің қыздары қай жерлерде көрініп жүр

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласының экс-әкімі, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Смағұлұлы Есімовтің екі баласы бар. Ол әйелі Сара екеуі Ғалия және Айжан есімді қыздарын тәрбиелеп өсірді.  

Ғалия Есімова. Buro247 фотосы

Ғалия Есімова 1977 жылдың 14 желтоқсанында туылған. 2005 жылы Өркен Есей деген кәсіпкерге күйеуге шықты. Zakon.kz порталының жазуынша, олар "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында ұлан-асыр той жасаған.   

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты. Көрнекі фото

Ғалия Есімованың күйеуі Өркен Есей 1975 жылы дүниеге келген. "YESSEY Group", "Нұр Дала" ЖШС-ларының құрылтайшысы. Ол 2011 жылы спортты қолдау және дамытуға үлес қосқаны үшін "Алтын Жүрек" қайырымдылық сыйлығын иеленді.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. 

ОҚО мәслихатының депутаттары. Otyrar.kz фотосы

Ғалия Есімова мен күйеуі сән-салтанатты шаралардан кетәрі болған емес.

Өркен Есей өткен жылы Seven клубында Rolls-Royce "ультралюкс" санатындағы автокөлік иелеріне арналған жабық кеште төбе көрсетті.  

Пьер Либэсар (The St. Regis), Есей Өркен және Асқар Білісбеков (Rolls-Royce Motor Cars Almaty). Hommes.kz фотосы

Ал Ғалия Алматыдағы еуропалық жаңа Crudo стейк-хаусының ашылау салтанатына барды.

Ашылу салтанатынан фото

Апалы-сіңлілі Есімовалар сән-салтанатты шараларға бірге барады. 2015 жылы Ғалия мен Айжан суретші Ербосын Мелдібековтің "Вечное возвращение" атты көрмесіне де бірге келді.

Ғалия және Айжан Есімовалар (ортада). BLVD фотосы

Ал төменде Ғалия мен Айжанның Scavia бутигінің ашылған күніне барған сәті көрсетілген.

Айжан Есімова, Айгерім Жұмаділлаева, Айдана Оразиманова, Ғалия Есімова. Buro247 фотосы

Айтқандай, апалы-сіңлілі Есімовалардың екеуінің де "ҚазАгро" ұлттық холдингінде үлестері болған.   

Loading...

Ұлттық банктің ресми сайтынан скриншот

Енді Ахметжан Смағұлұлының кіші қызы - Айжанға тоқталайық.

Айжан Есімова Forbes журналының үш жылдығына келді. Buro247 фотосы

Айжан Есімова 1981 жылдың 29 тамызында туылған. Ғалияның сіңлісінің де күйеуі осал жігіт емес. Яғни Айжанның жұбайы - "АТФБанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.    

Ғалымжан Есенов. Фото ашық дерек көзінен алынды

Бұл жұбайлар Аллен есімді ұлдарын тәрбиелеуде.

Айжан Есімова Айнұр Мәмимен бірге "Я сам" балалардың білім беру орталығын иеленіп отыр. Радиоточка ақпараты бойынша, Айжан Алматының Асқаров көшесінде орналасқан балалардың білім беру орталығын басқарады.    

Аида Әлиева, Айжан Есімова. Buro247 фотосы

Comode порталының жазуынша, Айжан мен күйеуі отбасылық өмірі туралы ақпарат құралдарына айтпайды. Алайда бұл Айжан Есімованың сән-салтанатты шараларға қатысуына еш кедергі емес. 

Қымбат көліктерге деген қызығушылық осы әулеттің ерекшелігіне айналған сияқты. Айжан 2014 жылы Алматыда алғашқы Rolls-Royce шоу-румының ашылу рәсіміне барыпты.  

Олеся Клебанова, Игорь Верник, Айжан Есімова. Nespi.kz фотосы

Айжан 2014 жылдың желтоқсанында Arte di Casa үйінде ұйымдастырылған "ақпараттық коктейль" атты шараға да қатысқан.

Arte di Casa үйінде Armani Casa, Fendi Casa, Etro Home, Ralph Lauren Home, Donghia, Cappelini intaglio, Agresti, Di Liddo & Perego және Rubelli сияқты әлемдік брендтер қойылған. 

Айжан Есімова (оң жақта) "Диор и я" фильмінің арнайы көрсетілімінде. Buro247 фотосы

Редакция ескертуі: Барлық ақпарат ашық дерек көздерінен алынды.