Айта өтейік, Майоровка ауылының экс-әкімі Төлеген Оспановтың ұлы мен жиендері жастары арасында жаппай төбелес ұйымдастырып, соңынан бірнеше адамға оқ атқан. Тіпті қақтығыс кезінде бұзақылар шенеунік «көкесінің» қызметтік көлігін мініп алып, білгенін істеген көрінеді. Бұл оқиға ауыл тұрмақ аудан басшыларын да аяғынан тік тұрғызған еді. Алайда, жарты ай уақыт өтсе де, Нұра ауданының полициясы күдіктілерді ұстамапты.