Әкім ереуілшілердің қатарына қосылып билікке қарсы шықты


- Барлығы Келдібековты жемқор деп айыптайды. Бірақ бұл жала. Бірақ «ҚырғызГазды» 1 долларға сату, бұл енді барып тұрған сұмдық.

Ереуілшілер Ош қаласының басты алаңында  наразылық білдіруде. Талаптары - Қырғыз парламентінің бұрынғы спикері Ахметбек Келдібековты бостандыққа шығару. Депутат экономикалық қылмысқа барды деген айыппен ұсталған болатын. Наразы топ  билікке 3  күн ғана уақыт беріп отыр. Осы мерзім ішінде талаптары  орындалмаса Оштағы ресми уәкілді қызметінен қуып  орнына «халықтық губернаторды» отырғызбақ. Тіпті бүгін  оппозиция жақтастары облыстық әкімшілікті басып алуға 3 рет әрекет жасаған. Қазір аймаққа қосымша күш тартылып қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.