«Бұл қаражатқа біздің аймақта көп таралған маса жәндігімен тиімді күресу шараларын ұйымдастыруға болады. Оған ғылыми қызметкерлерді, биологтар мен энтомологтарды да тарту қажет. Әрі, мәселен, Павлодардағы тәрізді масалар көбейетін және жиналып тіршілік ететін жерлер дәл көрсетілген аймақ картасын жасау қажет», - дейді Атырау облыстық дезинфекция стансасының директоры Бауыржан Қосжанов.
Масамен күрес мәселелеріне сондай-ақ Ұлттық дезинфекция мамандары қауымдастығының конференциясы да арналды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан келген мамандар қатысты.