Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде 9 қарашадан бастап Қарағанды облысында қосымша карантиндік шаралар қабылданатыны туралы ақпарат тарады. Онда бірқатар ірі қала жабылып, блок бекеттер қойылып, адамдар ПТР-анықтамасыз кіргізілмейтіні жайлы айтылған.
Өңір басшысы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
"Облыстың барлық тұрғыны мен қонақтарына айтарым: бұл фейк, мүлдем шындыққа жанаспайды. Мұндай шаралар 9 қарашадан да, басқа күндері де жоспарланып отырған жоқ. Сол себепті облыста қолға алынған шаралар қазіргі эпидемиологиялық жағдай үшін жеткілікті екенін тағы бір мәрте айтқым келеді", - деді Қасымбек онлайн брифингте.
Сондай-ақ, ол облыс аумағынан шығарда және кірерде қазақстандықтардан ПТР-анықтамасы сұралмайтынын атап өтті.