Әкім Шымбұлақта шаңғы маусымы ашылғанын мәлімдеді

Бұл туралы әкім өзінің жеке Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазды BAQ.kz.

Шымбұлақта шаңғы маусымын аштық. Биыл мұндағы жалға берілетін аймақ екі есеге артты. Барлық жабдықтар жаңартылып, тау-шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейтілді. Күрделілігі түрлі деңгейде болатын 25 шақырым трасса дайындалды. Өткен жылы мұнда шамамен 682 мың адам болды. Оның 220 мыңы шаңғышылар. Келушілердің жыл сайын 15 пайызға өсуі туристерге көрсетілетін қызмет деңгейінің көтерілгенін білдіреді, - деп жазады Бақытжан Сағынтаев.

Шаһар басшысы 65 жылдығын атап өткелі отырған тау курорты шетелдік туристер үшін, әсіресе Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне танымал демалыс орнына айналатынынын жеткізді.