Әкімдер мен сенат депутаттарының сайлауын демократиялық сайлау деп атауға келмейді - "Election and Democracy"

Мәселен, қауымдастық сарапшыларының пікірінше, Қазақстан заңнамасы азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігін шектейді. Атап айтсақ, әкімдер мен сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады. Бұл сайлауда дауыс беруге тікелей сайлаушылар емес, сайланған өкілетті билік өкілдері қатысады. Ал әкімдер сайлауына небәрі 12-13 жанама сайлаушы, немесе мәслихат депутаттары қатысты. Демек, "осындай жанама сайлаушылар санының шектеулілігі қазіргі еліміздегі демократиялық даму сатысында халықтың түрлі топтарының мүддесін толыққанды паш етіп көрсете алмайды",- дейді сарапшылар.

"Әкімдер мен сенат депутаттарының сайлауындағы бәсекелестік жасанды сипатта өрбіді. Бұл дегеніңіз сайлау нәтижесі биліктің жоспарына сай келгенін дәлелдейді",- дейді қауымдастық сарапшылары.