«Әкімдер төбе де көрсетпепті»: Журналист өртте қаза болған орманшыларға шенділер лайықты құрмет көрсетпегенін жайып салды

Журналист аталған ойын желідегі парақшасында жазды.

«Семейдегі өртте қаза болған 15 орманшыға мемориалды тақта қойылыпты.

Тып-тыныш, елеусіз ғана “Семей орманы” резерваты қызметкерлерінің қатысуымен өткен. Ресторан ашылса да шапқылайтын, лента кескіш әкімдер төбе де көрсетпепті. Осындаймыз», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да әкімдік өкілдерінің айтулы шараға қатыспауына шүйліккен. Олар:


«Семейде қасқайтып тұрып құтқарушылар аллеясын ашуға болар еді ғой», «Әкім қайда жүр екен сонда?!», «Біз қазақ осындаймыз» деп жазды олар.