Әкімдерді сайлау науқаны басталысымен шу шықты

Әкім болу үшін алдап, сырттай жиналыс өткізді деген Алматы облысындағы Балтабай ауылдық округінің тұрғындары соңғы жиын қорытындысына көңілдері толмай отыр. Себебі сайлау алды науқанында 6 ауылдың тұрғындары қалап, үміткер ретінде шығарылған адам мүлдем басқа аймаққа жіберілген. Оның орнына ауданнан қойылған үміткер келіпті.

Рымбек Заманбек, Өрнек ауылының тұрғыны:

 – Қалаулы азаматтар керек, жергілікті орыннан керек. Ал сырттан болса келеді-кетеді халықтың не болғанын, үкіметтің не болғанын, төменгіні жоғарыға жеткізу жағынан кемшіліктер болады.

Әкімді өздері таңдағысы келген тұрғындар тесік-шұрық жолдарды жөндей алмай, ауыз сумен қамтасыз етпегендіктен бұрынғы әкімнен бас тартуды жөн көріпті. Бірақ халық ішінен шығарылған үміткер алысқа бара алмаған екен. Бастапқыда ережеде көрсетілмеген себептер бойынша өтінішін қабылдағысы келмесе, кейін аудан басшылығы өзге өңірге жіберіпті. 

Сәуле Әліпова, Әкім сайлауына үміткер:

Аппараттан екі адам үміткерлікке ұсынылмайды деген сөз айтылды маған. Содан соң олардың шешімімен келісуіме тура келді. Маловодныйға да келістім, Малыбайға да келістім. Бірақ арақашықтықтың ұзақ болуына байланысты, ол ауылдағы адамдарды танымайтындығыма байланысты ол кісілерге не деп айтар едім.

Бірақ айтылған шағымдарға қарамастан сайлау комиссиясы жағдай қадағалауда дегенді алға тартып отыр. Себебі сайлау өткізілгенмен соңғы сөзді бәрібір аудан басшысы айтады.

Мұратбай Аңсатбаев, Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

Үміткерлерді таңдау аудан әкімінің құзырына берілген. Аудан әкімі жергілікті қауымдастықтармен кездесіп, олардың ой-пікірлерін біліп, өз тұжырымдамалары арқылы өз кандидаттарын ұсынуға құқығы бар, солар болды да.

Осылайша еліміздегі ауылдық округ әкімдерін халық таңдайды делінгенімен, аудан басшысы оны тікелей қадағалайтын көрінеді. Ал республика бойынша 5 тамызда басталған сайлау науқанына 1 млн 400 теңге қаржы бөлініп, 2 457 ауылдың жаңа басшылары таңдалмақ. Енді екі күннен соң ауыл көлеміндегі су жаңа сайланған шенділер өз қызметтеріне кірісетін болады.