Қала әкімдігінің "сотқа ықпал етуге хақы жоқ", ал ADAM bol-ға қарсы шағымның негізі бар болғандықтан әкімдік оны қайтарып алмайды деп мәлімдеді ол.
Гүлжан Ерғалиеваның талабын қолдайтын штаб мүшелері Зәуреш Аманжоловаға қала әкімі Ахметжан Есімовтің атына жазылған үндеуді тапсырды. Үндеуде белсенділер Есімовтен әкімдіктің шағымын қайтарып алуды сұраған.
Алдағы күндері Алматы қалалық сотында ADAM bol басылымы өкілдерінің Медеу аудандық сотының шешіміне келіспей берген шағымы қаралады.
Гүлжан Ерғалиеваның өзі бұл акцияға қатыспады. Ол соттың журналды жабу және оның иесіне ірі көлемде айыппұл салу туралы шешімдеріне қарсылық танытып, қаңтардың 19-ынан бері аштық жариялап жатыр.
Ерғалиеваны қолдап аштық акциясына қосылған құқыққорғаушы - "Журналистер қауіп-қатерде" ұйымының жетекшісі Рамазан Есіргепов сенбі күні
ауруханаға түскен.
Зәуреш Аманжолова белсенділермен кездесуде аштық ұстаушылар "өз денсаулықтарына әдейі зиян келтіріп жатыр" деп мәлімдеді.
Өткен айдың соңында Медеу аудандық соты Алматы әкімдігінің талап-арызын қанағаттандырып АДАМ ADAM bol журналын жабу туралы шешім шығарған еді.
Сурет azattyq.org сайтынан алынды.